Ирина Нұрымқызы Ашетова
Үлгі:Ғалым Ирина Нұрымқызы Ашетова — биология ғылымының докторы (2004), доцент (1993).
Өмірбаяны, еңбек жолы
1957 жылы 12 наурызда қазіргі Жетісу облысы, Жаркент қаласында туған.
Алматы зооветериналық институтын (1979, қазіргі Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті) жəне Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін (қазіргі Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті) бітірген.
Орал ауыл шаруашылығы техникумының оқытушысы (1980-84), Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде ассистент, аға оқытушы, доцент (1987-2004), Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде кафедра меңгерушісі, сапа менеджменті бөлімінің бастығы (2004-06), Еуразия академиясының сапа менеджменті бөлімінің бастығы, кафедра профессоры (2006-11), 2011 жылдан Еуразия ұлттық университетінде кафедра профессоры.
Ғылыми бағыты
Негізгі ғылыми бағыты – Қазақстан жануарларының биоəркелкілігі мен паразитофаунасын зерттеуге арналған.
"Паразитозы верблюдов, биология и меры борьбы препаратами авермектинового ряда" деген тақырыпта докторлық диссертация қорғаған.
Марапаттары
- Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің құрметті қызметкері (2007).<ref>Қ 18 Қазақстан ғалымдары. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2013.2-том. – 616 бет. ISBN 978-601-7472-16-0.</ref>