Ирина Валентиновна Юрьева

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ирина Юрьева Валентиновна

1955 жылы 28 тамызда РКФСР Ростов облысы Константиновск қаласында туған.Орыс.

Әкесі - Ломаченко Валентин Николаевич, марқұм, ҚР Еңбек сіңірген агрономы. Анасы - Ломаченко Любовь Изотовна, марқұм.

Целиноград мемлекеттік медицина институтының «Емдеу жұмысы» факультетін бітірген (1977), дәрігер. Орыс және неміс (сөздікпен) тілдерін біледі.«Нұр Отан» ХДП депутаттық фракцияның төрағасы (2007 жылдан).

1977 жылан - Жетіқара қаласында қалалық емханасының интернатурасында дәрігер-терапевт. 1978 жылдан - Ақмолалық учаскелік емхананың дәрігер-терапевті. 1994 жылдан - Малиновск ауылының дәрігерлік амбулаториясының аға дәрігері.

2007 жылдан бері - «Ақмола облысы Целиноград аудандық емханасы» МКҚК бас дәрігері.

№14 Қараөткел сайлау округінің депутаты (2003 жылдан), Малиновск сайлау округінің депутаты (2007 жылдан), «Нұр Отан» ХДП-дан сайлауға түскен. Қазақстан халықтарының Кіші ассамблеясының мүшесі (2003 жылдан).«Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2002), «Ерен еңбегі үшін» (2009) медальдарымен; «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігіне» (1999) өңір белгісімен марапатталған.

Діни көзқарасы - «Православиелік, барлық діндерді құрметтеймін».

Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Н.Ә. Назарбае.Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Қазақстанның экономикалық, саяси, мәдени дамуына сенімдімін, халықтар арасында достық пен ынтымақ болады деп ойлаймын».

Сүйіп оқитын әдебиеті - А.Құнанбаевтың «Қара сөздері»;А.П.Чехов.

Тұрмыс құрған. Жұбайы - Юрьев Анатолий Федорович (1955 ж. т.), «Ақмола-Феникс» АҚ бас директоры. Қызда- ры - Елена (1980 ж. т.), Мария (1988 ж. т.).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені – 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub