Ирина Александровна Черных

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Ғалым Ирина Александровна Черных — тарих ғылымының докторы (2008), профессор (2011).

Өмірбаяны, еңбек жолы

1968 жылы 11 наурызда Алматы қаласында туған.

ҚазМУ-ды (1990, қазіргі Қазақ ұлттық университеті) бітірген.
1993-94 жылдары Гуманитарлық зерттеулер орталығының сарапшысы (Алматы қ.), 1993-99 жылдары Қазақ ұлттық университетінде аға оқытушы, 1995-96 жылдары "ARKOR" халықаралық қорының сарапшысы (Алматы қ.), 1995-97 жылдары Қазақ ұлттық университетінде деканның орынбасары, Сорос-Қазақстан қорының Білім жөніндегі Сараптама комитетінің мүшесі. 1997-99 жылдары Сорос-Қазақстан қорының жазғы университеттерінің академиясы деканы, 1998-2001 жылдары Сорос-Қазақстан қорының Ақпараттық-әдістемелік орталығының директоры, 2001-02 жылдары Орталықазиялық Ресурс орталығының академиясының көшбасшысы, 1999-2009 жылдары Қазақ ұлттық университетінде доцент, кафедра меңгерушісі, профессор, 2009-10 жылдары Саяси шешімдер институтының сараптамалық-қолданбалы бөлімінің жетекшісі қызметтерін атқарған. 2011 жылдан Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының бас ғылыми қызметкері.

Ғылыми бағыты, еңбектері

"Орталық Азиядағы аймақтық қауіпсіздік жүйесінің қалыптасу тарихы (1991-2006)" деген тақырыпта докторлық диссертация қорғаған.
Негізгі ғылыми бағыты – қауіпсіздік пен халықаралық қатынастарды зерттеудің теориясы мен әдістемесі, Орталық Азия елдеріндегі әскери-саяси қауіпсіздік, Қазақстан мен Орта Азия елдеріндегі социетальдық қауіпсіздік.
70-тен астам ғылыми еңбектің авторы.

Марапттары

  • ҚР Білім және ғылым минстрлігінің "Жас талантты ғалым" мемлекеттік сыйлығы иегері (2000).<ref>Қ 18 Қазақстан ғалымдары. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2013.2-том. – 616 бет. ISBN 978-601-7472-16-0.</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер