Ионосфера

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Atmosphere layers-kk.svg
Атмосфераның құрылысы

Ионосфера<ref>Русско-казахский толковый географический словарь. Под общей редакцией академика АН КазССР, проф. С. К. Кенесбаева и кандидата филол. наук А. А. Абдрахманова. Алма-Ата, Изд-во «Наука», 1966, стр. 204. (Академия наук Казахской ССР. Институт языкознания. Сектор физической географии). Составители: Ж. Аубакиров, С. Абдрахманов, К. Базарбаев.</ref> — газ молекулаларының ионизациясы жоғары болатын, 80 км-ден 800—1000 км биіктік аралығында жатқан атмосфераның қабаты. Атмосфераның 50- 80 км биіктіктерден бастальт, 1200-1300 км- ге шейін созылатын жоғарғы қабаттары. Бұл қабаттарда газдар ішінара ионданған күйде болады. Қысқа толқынды радиобайланыс үшін үлкен маңызы бар.

Ионосфера<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Геология—Алматы: "Мектеп" баспасы", 2003.ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2</ref> - Жер бетінен 50-80 км-ден мындаған километр биіктікке дейінгі атмосфераның жоғары ионданған қа-баты (жоғары Ионосфера). Ионосфераның бөлшектері сейілген және жоғары электрөткізгіш ортаны түзеді. Ионосфера жер бетінде қысқа толқынды радиотолқындардың таралуына көп әсер етеді. Ионосферада поляр шұғыласы мен ионосфералық магниттік дауыл болып тұрады. Ионосфераны барлап білу (Зондирование ионосферы) — 50-80 кмден 400-500 км-ге дейінгі қабаттағы атмосфераның иондану сипаты туралы деректер алу. Ол ионосфералық станция, метеорологиялық ракета арқылы жүзеге асады. Ионосфераны барлап білу деректері алыс радиобайланыс үшін тиімді жиілікті таңдау кезінде пайдаланылады. <ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы:"Мектеп" ААҚ , 2001</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}Үлгі:Geology-stub