Интеркосмос

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Интеркосмос - екі жақты және көп жақты келісімдер негізінде космос кеңістігін зерттеу және игеру жөнінде КСРО ҒА жанында құрылған халықаралық ынтымақ кеңесі. Бұл кеңеске мүше елдер: Болгария, Венгрия, ГДР, Куба, Моңғолия, Польша, Румыния, КСРО және сол кездегі Чехословакия. Ынтымақтасу бағдарламасы бойынша ұшырылған ең алғашқы спутник "Космос - 261" (20.12.1968) болса, кеңеске мүше елдер аппаратуларымен жабдықталып ұшырылған тұңғыш спутник - "Интеркосмос - 1"(14.10.1969).<ref>Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы 1974,5 том.</ref>

Социалистік жүйенің ыдырауына байланысты кеңес өз жұмысын тоқтатты.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер