Инсоляция

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Инсоляция<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: География және геодезия. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007 жыл. — 264 бет. ISBN 9965-36-367-6</ref> (латынша: insolatio, insolo - Күнге қоямын) — Жер бетінің Күннің тура немесе жиынтық (тура және шашыраған) радиациясымен сәулеленуі. Уақыт бірлігінің ішінде алаң бірлігіне келетін калориямен өлшенеді.

Инсоляцияның шамасы Куннің биіктігіне, өңірдің теңіз деңгейінен биіктігіне, сондай-ақ Жердің ендігіне жоне т.б. байланысты. Инсоляция жер бетіндегі, атмосферадағы жылудың жайын және Жердің табиғи жарықтығын анықтайды.

Инсоляция<ref>Русско-казахский толковый географический словарь. Под общей редакцией академика АН КазССР, проф. С. К. Кенесбаева и кандидата филол. наук А. А. Абдрахманова. Алма-Ата, Изд-во «Наука», 1966, стр. 204. (Академия наук Казахской ССР. Институт языкознания. Сектор физической географии). Составители: Ж. Аубакиров, С. Абдрахманов, К. Базарбаев.</ref> — жерге түсетін күн сәулесі мен жер бетіне келіп жететін күн энергиясының мөлшері. Кіші калориямен өрнектелетін ол, атмосфераның шегінде, жерге түсетін күн сәулесіне перпендикуляр орналасқан 1 см2 арқылы минутына өтетін 1,94 кіші калорияға тең (күн тұрақтысы).

Жер бетінде инсоляция:

  • күннің горизонттан биіктігіне,
  • атмосфераның жағдайына,
  • сондай-ақ күн дақтарына байланысты жыл және күні бойы өзгеріп тұрады.

Инсоляция барлық өсімдік пен жануарлар дүниесінің өмірінде өте үлкен роль атқарады. Инсоляция актинометр, пиргелиометр сияқты арнаулы аспаптармен өлшенеді. Күннің жерге жіберіп тұратын жылуының шамамен 40% атмосферада ұсталып қалады.

Дереккөздер

<references/>


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Инсоляция|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}