Инкорпорация

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Инкорпорация (Үлгі:Lang-la біріктіру,өз құрылымына қосу) — полисинтетикалық тілдерде жеке сөздердің түбір-негіздері мен көмекші элементтерін біріктіру арқылы сөйлемдік мәні бар біртұтас сөздер жасау тәсілі. Мұндай біртұтас сөйлем-сөздер әрі сөз қызметін, әрі сөйлем мүшесі қызметін атқарады. Ондай сөйлем-сөздер бастауыштан басталып, баяндауышқа аяқталады да, ол екеуінің ортасында анықтауыш, толықтауыш, пысықтауыш мәнді элементтер болады. Мысалы: нинакаква — мексикалық ацтек тілінде мен ет жеймін деген мағынадағы сөйлем-сөз мынадай бөлшектерден тұрады: ни—мен, нака—ет, ква — жеу. Бұл тәсіл бойынша сөйлеу компоненттері формалды көрсеткіштерсіз біртұтас сөз тіркестерінің синтаксистік байланысына негізделеді.<ref>Тіл білімі терминдерінің түсіндірме сөздігі — Алматы. «Сөздік-Словарь», 2005 жыл. ISBN 9965-409-88-9</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} Үлгі:Stub:Заң

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}