Инженерлік-геологиялық карта

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

ИНЖЕНЕРЛІК-ГЕОЛОГИЯЛЫҚ КАРТА <ref>Қазақстан Республикасы Ғылыми Энциклопедиясы</ref> – белгілі бір ауданда әр түрлі құрылыстар жүргізу, кен орнын игеру, жобалау және белгілі бір аумақты шаруашылық салаларында пайдалану мүмкіндіктеріне баға беріп, оның инженерлік-геологиялық жағдайларын сипаттайтын геология картаның бір түрі.

Иженерлік-геологиялық комитеда тау жыныстарының пайда болу уақыты, генезисі, орналасуы, құрамы, құрылысы, физикалық-мех. қасиеттері; ауданның геоморфол. сипаты, гидрогеологиялық жағдайы, геодинам. құбылыстары шартты белгілер мен түрлі түсті бояулар арқылы көрсетіледі. Карта қималармен, кестелермен, түсіндірмелік мәтінмен толықтырылады.

Иженерлік-геологиялық комителар атқаратын мақсатына, мазмұнына, масштабына қарай ажыратылады. Мақсаты бойынша жалпы және арнайы, мазмұны бойынша аналитикалық және кешенді карталар болып бөлінеді. Масштабына қарай жалпы шолу (1:1000 000 және одан да ұсақ), ұсақ масштабты (1:500 000 – 1:100 000), орта масштабты (1:50 000 – 1:25 000) және ірі масштабты (1:10000 және одан да ірі) карталарға ажыратылады.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Инженерлік-геологиялық карта|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}