Индерборит

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Индерборит, метагидроборацит – бораттар класының минералы. Индерборит алғаш рет Атырау облысындағы Индер кенінен табылған (аты соған байланысты қойылған). Химиялық формуласы MgCaB6O11•11H2O. Моноклиндік сингонияда кристалданады. Түссіз минерал. Қаттылығы 2,5 – 3, меншікті салмағы 1,93 г/см3. Сирек кездеседі. Басқа бораттармен қатар бор қышқылын алуға, сондай-ақ химия өндірісінде шикізат ретінде қолданылады.<ref>“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9</ref>

Борат кендерінің гипсті телпектерінде кездеседі, бордың кені.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Геология — Алматы: "Мектеп" баспасы", 2003.ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

Сыртқы сілтеме

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Geology-stub