Имек қызылтаңдай

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Имек қызылтаңдай (Көкнәрлар туыстасы) - таудың төмегі белдеулерінде Тарбағатайдан батыс Тянь-Шаньға дейін, шөл, егісіктер мен орманды жазықтарда тоты көкнәрмен бірге өседі. Тоты көкнәрға ұқсайды. Қызылтаңдай - бір жылдық жапырақтарының пішіні мен гүлінің түсі көкнәрға ұқсас. Айырмашылығы - түгі жұмсақ, жапырақ бөліктер жіңішке және бүршіктері дөңгеленген, ұшында мүйізшесі жоқ. Гүлдері ашық қызыл, диаметрі 6 см-ге дейін. Өсімдіктің құрамында С дәрумені, алколоид және қою май бар.<ref>А. А. Иващенко. Қазақстан өсімдіктер әлемі. Алматыкітап баспасы, 2012.</ref>

Дереккөздер

<references/>