Имамниязова Елена Александровна

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Имамниязова Елена Александровна1960 жылы 15 маусымда Ресейдің Алтай өңірінде дүниеге келді. <ref>Қазақстан баспагерлері мен полиграфистері. Анықтамалық. Алматы, «Білім» баспасы. 2005 ж. – 576 бет. ISBN 9965-09-134-Х </ref>

Қазақстанда 1962 жылдан бастап тұрады.1977 жылы Алматы қаласындағы №103 мектепті бітірді.

1981 жылдан 1993 жылдың желтоқсанына дейін Жоғары және орта білім министрлігінің басып-көбейту лабораториясында баспашы қызметін атқарды. 1984 жылы Мәскеу полиграфиялық институты инженерлік-экономика факультетінің сырттай оқу бөліміне түсіп, өндірістен қол үзбей оқуын аяқтайды.

1985 жылы тұрмысқа шығады. Екі баласы бар (бір ұл, бір қыз).

1993 жылдың 1 желтоқсанынан бастап Т.Рысқұлов атындағы ҚазЭУ-дің «Экономика» баспасында баспашы, ал 1997 жылдың қазан айынан бастап «Экономика» баспасы полиграфиялық орталығынын бастығы болды.

Қазір 2005 жылдың 7 ақпанынан бері «Экономика» ЖШС баспасында осы қызметін абыроймен атқарып келеді. Полиграфия саласында жалпы 25 жыл еңбек стажы бар.

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Суретсіз мақала