Имамбаев Сағидолла Елемесұлы

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Имамбаев Сағидолла Елемесұлы <ref>Қазақстан Республикасы Ғылыми Энциклопедиясы</ref> (4.2.1940 жылы туған, Орынбор облысы Қуандық қаласы) – медициналық ғылыми докторы (1991), профессор (1992).

Ақтөбе мемлекеттік медициналық институтын (1965) және 2-Мәскеу мемлекеттік медициналық институтының аспирантурасын (1970) бітірген. Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданында дәрігер, Ақтөбе мемлекеттік медициналық институтында ассистент, доцент (1970–89) қызметтерін атқарды. 1989 жылдан кафедра меңгерушісі. 1990 жылы «Действие непрямых антикоагулянтов при различном характере питания» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады.

Имамбаев Сағидолла Елемесұлы 70-тен астам ғылыми жарияланымның, оның ішінде 1 монографияның, 2 өнертабыстың авторы.

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub