Илья Павлович Сегал

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Илья Павлович Сегал - 1948 жылы 22 шілдеде РКФСР Қырым облысының Симферополь қаласында туған. Еврей. Әкесі - Сегал Павел Исаакович, марқұм, ¥ОС ардагері, дәрігер болып жұмыс істеген. Анасы - Сегал Эмма Ефимовна (1923 ж. т.), зейнеткер, теміржол ауруханасының бухгалтері болып жүмыс істеген. Днепропетровск темір жол көлігінің инженерлері институтының темір жолдарды пайдалану факультетін бітірген (1974), темір жолдарды пайдалану бойынша қатынас жолдарының инженері. «Рельстік көлік құралдарын тоқтатуға арналған құрылғы» өнертабысына авторлық куәлігі бар (1990). Орыс және украин тілдөрін біледі. 1966 жылдан - Днепр маңы темір жолының Пятихатка стансасында локомотив депосының электр слесарі, вагондарды есептен шығарушы, станса кезекшісі жанындағы операторы. 1967 жылдан - Днепропетровск тепловоз жөндеу зауытының электр слесарі. 1969 жылдан - Днепропетровск темір жол көлігінің инженерлері институтының студенті. 1974 жылдан - Қазақ темір жолы Алматы-1 стансасында парк кезекшісі, станса кезекшісі. 1975 жылдан - Қазақ темір жолы Алматы бөлімішесінің қозғалыс бөлімінде пойыз диспетчері, аға инженер, аға диспетчердің орынбасары, қозғалыс бөлімі бастығының орынбасары. 1979 жылдан - Алматы темір жол қозғалыс қызметі техникалық бөлімінің бастығы, қызмет бастығының орынбасары, бас инжөнері - қозғалыс қызметі бастығының бірінші орынбасары. 1990 жылдан - Алматы темір жолының бас экономисі - қаржы-экономика қызметінің бастығы, жол бас инженерінің орынбасары, Алматы темір жолы бастығының орынбасары - Қазақстан темір жолдары үйлестіру орталығының бастығы. 1994 жылдан - ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігі Теміржол көлігі департаментінің директоры, 1999 жылдан - департамент директорының орынбасары. 1997-2001 жылдары - ҚР қауымдастығының президенті. 2001 жылдан бері - ҚР Үлттық экспедиторлар қауымдастығының атқарушы директоры. 2008 жылдан бері - Қазақстан тасымалдаушылар және вагондар (контейнерлер) операторлары қауымдастығының атқарушы директоры. ҚР Көлікжәне коммуникациялар министрлігі Сараптамалық кеңесінің қатысушысы, сарапшысы (2006 жылдан); ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі сараптамалық Кеңесінің (2007 жылдан); ҚР Қаржы министрлігі Кеден бақылауы комитетініңжәне Алматы қаласы бойынша Кеден комитеті департаментінің Консультациялық кеңесінің (2003 жылдан), «Қазақстан теміржолы» ¥К» АҚжұмыстоптарының (2001 жылдан) сарапшысы. Халықаралық экспедиторлық қауымдастықтар федерациясының (ФИАТА), «Атамекен» одағы» Қазақстанның ұлттық экономикалық палатасы» ЗТБ, ҚР Кәсіпкерлер форумының толық мүшесі. «Қазақстан темір жолына 100 жыл» (2004), «Астананың 10 жылдығы» (2008) медальдарымен; «Темір жолдарға 150 жыл» белгісімен (1987) марапатталған. КСРО Азаматтық қорғаныс ісінің үздігі (1984). ҚР Құрметті теміржолшысы (1995). Әскери атағы - запастағы аға лейтенант. Діни көзқарасы - атеист. Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Әлемнің неғұрлым дамыған 50 елінің қатарына қосылу». Хоббиі - саяхат жасау. Сүйіп оқитын әдебиеті- тарихи романдар. Үйленген. Жұбайы - Сегал Анна Ефроимовна (1954 ж. т.). Үлы - Дмитрий (1979 ж. т.); қызы - Елена (1984 ж. т.).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені – 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub