Илья Михайлович Казанцев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Казанцев Илья Михайлович – Қазақстанды зерттеуші орыс этнографы. 19 ғасырдың 30 – 50-жыл-дары Орынбор мен Самара генерал-губернаторлығының шекара кеңсесінде қызмет істеді. Орыс географиялық қоғамының мүшесі болды. Орынбор қазақтарының тарихын, этнографиясын зерттеумен айналысты. Казанцев өзінің зерттеу еңбектерінде Кіші Орданың құрылуынан құлауына дейінгі тарихы, Кіші жүз құрамындағы 3 тайпаның (әлімұлы, байұлы, жетіру) шығу тарихы мен қазақтардың орыстармен өзара қатынасы туралы баяндайды. 1838 жылы “Санкт-Петербург хабарларының” 80 – 81-нөмірлерінде Казанцевтің “Ішкі немесе Бөкей ордасындағы қырғыздар мен қырғыз барымтасы туралы” деген мақаласы жарық көрді. Мақалада 18 ғасырдың соңында Кіші жүзден Бөкей сұлтан бастаған 18 – 19 шақты рудың бөлініп шығып, Еділ мен Орал өз. аралығынан қоныс алғанын жазады. Казанцев өзінің еңбектерінде қазақтардың қонақ күту, жаңа туған сәбиге ат қою сияқты әдет-ғұрпы, көшкен кездегі жасайтын салт-жоралғылары туралы маңызды мағлұматтар келтіреді. “Қырғыз-қайсақтар туралы” мақаласында “қырғыз-қайсақ” сөзінің шығу тегі туралы аңыз беріліп, Сібір, Орал, Орынбор қазақтары, Арал т., Сырдария өз. мен оның маңындағы Перовск форты, қазақтардың Ташкентті басып алуы, Орта Азияға жүргізген билігі, Бөкей ордасының қазақтары туралы құнды деректер қамтылған.

Сілтемелер

«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, IV том

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Илья Михайлович Казанцев|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}