Илья Викторович Мерц

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Ғалым Илья Викторович Мерц – қазақстандық археолог, ғалым, тарих ғылымдарының кандидаты. Қазақстан мен іргелес елдердің ерте темір дәуірін зерттеу мәселелеріне бағытталған<ref>Үлгі:Cite web</ref>.

Білімі

2009 жылы Алтай мемлекеттік университетінің (Барнауыл, Ресей Федерациясы) тарих факультетінде «Тарих» мамандығы бойынша бакалавр дәрежесін алды.

2011 жылы аталған университеттің «Тарих» мамандығы бойынша магистратурасын тәмамдады.

2017 жылы Алтай мемлекеттік университетінің диссертациялық кеңесінде «Ерте қола дәуіріндегі Шығыс Қазақстан халқының мәдениеті» тақырыбында «07.00.06 – Археология» мамандығы бойынша тарих ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғады. Ғылыми жетекшілері – т.ғ.д. С.П. Грушин, т.ғ.д. Ю.Ф. Кирюшин.

Қызметі

2009 жылдан бастап Павлодар қаласындағы С. Торайғыров атындағы университеттің А.Х. Марғұлан атындағы Біріккен археологиялық ғылыми-зерттеу орталығында (бұрынғы С. Торайғыров атындағы ПМУ) жұмыс істейді. Лаборанттан бастап аға ғылыми қызметкерге дейінгі жолдан өтті.

2021 жылдан бастап А.Х. Марғұлан атындағы Археология институтында жұмыс істейді.

Ғылыми еңбектері

Солтүстік-Шығыс, Шығыс және Орталық Қазақстан аумағындағы археологиялық отрядтарға жетекшілік етеді. Ресейдің Алтай өлкесінде және Моңғолияның Ховд аймағында Алтай мемлекеттік университетінің археологиялық экспедицияларына қатысты.

Жобалары

  • Ресейдің Федералдық мақсатты бағдарламасы «Ресейдің инновациялық ғылымы мен педагогикалық кадрлары» (жоба № 200901.1-301-072-016);
  • Мемлекеттік келісімшарт № П1140 «Энеолит және ерте қола дәуіріндегі Алтай халқының тіршілік ету және өндірістік жүйесі (б.з.д. IV мыңжылдықтың 2-жартысы – б.з.д. II мыңжылдықтың басы)»;
  • РФГНФ жобасы (№ 10-01-60706е/Т) «Алтайдың Обь өңіріндегі Телеутский Взвоз-I жерлеу-жоралғылық кешенін кешенді зерттеу»;
  • Жоба № 2013-220-04-129 «Сібірдің ежелгі қоныстануы: Солтүстік Азия аумағындағы мәдениеттердің қалыптасуы мен дамуы».
  • «Ғылыми зерттеулердің гранттық қаржыландыруы» 2012–2014 жж.: «Қазақстан Ертісінің оң жағалауының ерте қола дәуірі: этномәдени байланыстар» және «Энеолит пен ерте қола дәуірінің мәдени-шаруашылық кешендері: Борлы 4 қонысы (Солтүстік-Шығыс Қазақстан)»;
  • «Ғылыми зерттеулердің гранттық қаржыландыруы» 2015–2017 жж.: «Қазақстан Ертісінің сол жағалауының ерте қола дәуірі: этномәдени байланыстар» және «Неолит – қола дәуірінің археологиялық ескерткіштерінің хронологиясы (Солтүстік-Шығыс және Шығыс Қазақстан)» 4018/ГФ4;
  • «Ғылыми зерттеулердің гранттық қаржыландыруы» 2018–2020 жж.: АР05133498 «Жоғарғы Ертіс өңірінің ерте қола дәуірі»;
  • BR11765630 «Қазақ далаларындағы мәдениеттану: археологиялық деректер негізінде материалдық және рухани мұра сабақтастығын зерттеу мәселелеріндегі жаңа парадигмалар».

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер