Илхандар мемлекеті

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

«Илхандар мемлекеті»

Илхандар (елхандар немесе Хулагу әулеті мемлекеті) әулеті Таяу және Орта Шығыста 1256 жылдан 1353 жылға дейін өмір сүрді. Бұл мемлекет құрамына қазіргі Ауғанстан, Иран, Ирак, Әзірбайжан, Армения елдерінің аумағы толықтай енді. Илхандар мемлекетінің негізін қалаған – Шыңғыс Ханның Төледен туған немересі Хулагу хан.

1253 жылы Қарақорымда өткен құрылтайда Шыңғыс хан империясының сол кездегі Ұлы қағаны Мөңке Таяу Шығысқа жорық жасауды ұсынады. Жорықты басқаруды өз інісі Хулагуге тапсырады.

Хулагу сарбаздары Ауғанстан, Иран, Ирак, Сирия аумағын жаулап алып, Құдыс (қазіргі Иерусалим) шаһарына жетеді. Оларға Египетті билеген қыпшақ Құтыздың Бейбарыс сұлтан бастаған сарбаздары (мәмлүктер) қарсы тұрады. Дәл осы кезде Хулагуге Қарақорымнан «Ұлы қаған Мөңке қайтыс болыпты» деген хабар жетеді. Империяның Ұлы ханы болудан үміті бар Хулагу Құдыс түбіне жиырма мың сарбазымен Кетбұғаны қалдырып, өзі Қарақорымға қайтады. Құдыс қаласының маңындағы Галилей жазығында 1260 жылдың 3 қыркүйегінде болған шайқаста Бейбарыс бастаған мәмлүктер Кетбұғаның жиырма мыңдық әскерін тас-талқан етіп жеңеді. Кетбұға сол шайқаста қаза табады.

Ал Хулагу Тебриз қаласын астана етіп, жаңа Илхандар мемлекетінің негізін қалайды. Мемлекеттің христиан сенімін ұстанатын алғашқы хандары Рим папасымен, Франция королімен одақтасып, мұсылмандықты қабыодаған Алтын Ордамен, Египет мәмлүктерімен, Осман сұлтандығымен үнемі соғыс жүргізген.

Хулагу 1265 жылы қайтыс болып,ақсүйектер арасында билік үшін талас өршиді.Жан-жақтағы мұсылман елдерімен соғыс толастамайды. 1353 жылы соңғы елхан Туга Темір өлген соң Ильхандар мемлекеті мүлдем құлап,Иран жерінде тәуелсіз мемлекеттер құрыла бастады.

«Дереккөздер»

 «"Сен білесің бе?" энциклопедиясы./Құраст.:Қ.Ж.Райымбеков,Қ.Т.Байғабылова. - Алматы: "Аруна" баспасы.»

.