Иконников жарқанаты

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Taxobox Иконников жарқанаты (Үлгі:Lang-la) – қолқанаттылар отряды, жалтыртұмсықтылар тұқымдасына жататын жарқанат.

Негізінен тайганың таулы жерлерінде, үлкенді-кішілі тайга өзендерінің жайылымдарында, қыстау кезінде сирек табиғи үңгірлерде кездестіруге болады. Қазақстанда Бұқтырма өзенінің (Алтайда) алабынан ғана табылған. Тіршілігі өте аз зерттелген. Бұлар аздаған шоғыр құрып немесе жеке-жеке тіршілік етеді. Қорегін аулауға қараңғы түнде шығады. Өте баяу, әлсіз ұшады. Ұсақ жәндіктермен қоректенеді. Түнде белсенді. Иконников жарқанатының саны өте аз. Өте сирек кездесетін түр болғандықтан Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізіліп, Марқакөл мемлекеттік қорығында қорғалады.

Статус

IV-ші санат. Саны аз, зерттелмеген түр. Систематикасы да зерттеле қойған жоқ.

Генофондысын сақтау үшін таксонның маңызы

Сұрек кездесетін тайга орманымен бойланыстыоңтүстік-сібірлік түр. Қазақстан фаунасындағы ең кіші жарқанаттардың бірі.

Таралуы

Оңтүстік Сібірде, Алтай, Оңтүстік Приморье, Солтүстік-шығыс Моңғолия, Солтүстік-батыс Қытайда таралған. Қазақстанда таулы Алтайдың батыс жағынан табылған. Бұқтырма өзенінің бойынан, Катонқарағай ауданынан, Тигирецкий тауынан, Таловка өзені жағамауынан белгілі.

Мекендейтін жерлері

Қазақстанда Иконников жарқанатының мекені-тайга орманымен байланысты. Адам қоныстарынан алысырақ ормандарды мекендейді ұстанады. Бұл жарқанат тауда теңіз деңгестінен 1600-1700 м биіктікке дейін көтіріледі. Таудың тік беткейлері мен жартасты учаскелерін мекендейді. Кейде қыста таудағы үңгірларден де табады. Негізгі мекендері – жартастар арасындағы қуыстар мен үңгірлер.

Саны

Соңғы жылдарға дейін бұл түрдің таралған елдерінде (тәуелсіз мемлекеттер одағында) 12-ақ жерден ғана белгілі. Қиыр шығыста, Приморье өлкесінде, Моңғолия мен Қытайда оның 6 мекендейтін қонысы белгілі. Оның біреуі Синегор үңгірінен қыста табылған. Сібір мен Алатау тауларын бірнеше рет зерттеу кезінде Иконников жарқанаты табылған жоқ. Қазақтанда ол тек оңтүстікте ғана табылып қалады.

Негізгі шектеуші факторлар

Белгісіз.

Биологиялық ерекшеліктері

Қазақстанда бұл туралы мәлімет жоқ. Басқада таралған жерлерінен де коллекциондық материалдар өте аз. Тіршілігі туралы да мәліметтер жоқ. Шамалауымыз бойынша, ормандарда олар шағын колония түрінде өмір сүреді. Көбіне жеке-жеке ұшып жүреді. Азықтануға түнде ұшады. Аспанда 1-3 м биіктікте азығын аулап жүріп коретенеді; ұшуы көбелектердің қалықтап ұшуын еске түсіреді. Ұсақ насекомдармен қоректенеді.

Қолда өсіру

Мәлімет жоқ.

Қабылданған қорғау шаралары

Маркакол мен Батыс-Алтай қорықтарында, мүмкін, «Қатон Қарағай» ұлттық табиғи паркінде, қорғалады.

Қорғауды керек ететін шаралар

Қорғау шаралары айқындалған жоқ.

Зерттеу жөніндегі ұсыныстар

Қорғау шараларын белгілеу үшін оның биологиясын зерттеу керек.<ref>“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Zoology-stub