Изоспоралар

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Изоспоралар(Isospora) – қарапайымдылардың бір туысы. Табиғатта кең тараған, 200-ден астам түрі белгілі. Жыртқыш омыртқалылар мен омыртқасыздардың ішек эпителий клеткаларында паразитті тіршілік етеді. Изоспоралар ооциста (тығыз қабықпен қапталған зигота) арқылы дамиды. Ооцистада екі спора пайда болып, олардан төрт споразоидтар түзіледі. Осындай ооцисталар сау жануардың ішегіне түскенде, оның қалың қабықшасы ішек сөлдерінің әсерінен жарылып, иесінің ішек клеткаларында даму циклін бастайды. Кокцидиоз ауруын таратушылар. Бұл аурумен адамдар да ауырады. Адамның ішегінде Изоспоралардың – Isospora belli деген түрі ғана паразитті тіршілік етеді.<ref>“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

Сыртқы сілтеме

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Изоспоралар|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}