Изенғали Жайсыманов
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Изенғали Жайсыманов (1912-1983, Атырау облысы). 1933-1940 жылдары - «Ембімұнай» тресі Қосшағыл МКБ-да бұрғылау цехының ағаш шебері. 1940-1947 жылдары - Құлсары МКБ-да мұнара тұрғызу цехының ағаш шебері. 1947-1958 жылдары - «Қазмұнайбарлау» тресі Құлсары барлау бұрғылау кеңсесі дайындау бригадасының ағаш шебері, бригадир. 1958-1959 жылдары Мақат бұрғылау кеңсесінде мұнара құрастыру бригадасының бригадирі. 1959-1968 жылдары «Қазақстанмұнай» бірлестігі Құлсары және Прорва бұрғылау кеңселері мұнара құрастыру цехында бригадир, прораб. Еңбек Қызыл Ту орденімен және медальдармен марапатталған. <ref>Қазақстанның мұнай энциклопедиясы. 2 томдық - Алматы: "Мұнайшы" Қоғамдық қоры, 2005. ISBN 9965-9765-1-1</ref>
Пайдаланғанәдебиет
<references/>