Идеалды газдардың қайтымды изобарлы процесі
Изобарлы процесс кезінде, қысым тұрақты болады: Р = const,
басқа көрсеткіштері өзгереді, яғни V = var және Т = var.
Характеристикалық теңдеуден pv=RT кезіндегі P=const
табамыз:
V/T= const немесе V2/V1 = Т2/Т1.
Сонымен, изобарлы процесс кезінде жылудинамикалық газ
көлеміне тура пропорционалды болып өзгереді. Қайтымды процессті жүргізу үшін, изохорлыдағыдай, әр түрлі температурадағы көп
жылулық көзін қажет етеді. Мұндай процесстің графигі суретте,
көлденеңі 1-2 және 1-2 P=const кезіндегісі бейнеленген. 1-2 изобар-
лы кеңею {dv>0) жылулықты (dq>0) жеткізуіне сәйкес, оның температурысының ұлғаюымен байланысты.
1-2 изобарлы сығылу (dv<0). Мұнда температура жетпейді, жылу алып кетіледі (dq<0). Меншікті жұмыс газының кеңеюі немесе сығылуы:
- <math>l = \int_{V1}^{V2} pd\nu = p(V_2 - V_1) = R(T_2 - T_1)</math>
ал оның массасы m:
- <math>L = mp(V_2 - V_1) = p(V_2 - V_1) = mR(T_2 - T_1).</math>
Меншікті ішкі энергияның өзгеруі <math>u_2 - u_1 = C_{\nu m}(T_2 - T_1).</math> Ал ішкі энергия <math>u_2 - u_1 = mC_{\nu m}(T_2 - T_1)</math> Процесстегі жылудың меншікті саны:
- <math>dq = C_{pm}dT</math>;
- <math>q = C_{pm}(T_2 - T_1)</math>;
- <math>Q = mC_{pm}(T_2 - T_1)</math>;
Жылудинамикасының бірінші заңының талдау формуласымен табамыз:
- dq = CνdT + pdν = CνdT +RdT = (Cν + R)dT.
Себебі, pν = RT және dp = 0 кезінде pdν = RdT.
Майердің теңдеуінен келіп шығады:
Cν + R немесе Cp - Cν = R.
Барлық газдар үшін Мср - MCν = MR = 8315 қатынастың
өзгешелігі мынада:
- K = Cp/Cν.
Қос атомды газдар үшін К= 1,4. Атомның артуына қарай, оның К мәні бірге жақындайды.<ref>Кабашев Р.А. ж. б. Жылу техникасы: Оқулық/ Р.А. Кабашев, А.К. Кадырбаев, A.M. Кекилбаев. -Алматы: «Бастау» баспаханасы, 2008. - 425 б. Суреттері 140 сурет. Библиографиялы тізімі 17. ISBN 9965-814-30-9</ref>
Дереккөздер
<references/>