Игорь Гиленович Цой

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Игорь Гиленович Цой (4.3. 1949, Астана қаласы) – медицина ғылымдарының докторы (1988), профессор (1990), Қазақстан Республикасы Профилактикалық академиясының академигі (1995).

Целиноград мемлекеттік медицина институтын (1972, қазіргі Астана мемлекеттік медицина академиясы) бітірген. Қазақ КСР-і Денсаулық сақтау министрлігінің Эпидемиология, микробиология және жұқпалы аурулар институтында кіші және аға ғылыми қызметкер (1972–1976, 1980–1989); Қазақ КСР-і Денсаулық сақтау министрлігінде ғылым бөлімінің бастығы (1976–1980), Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Тағамтану институты директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары (1989–2001) болды. 2001 жылдан «Қазақ тағамтану академиясы» ЖШС-нің 1-вице-президенті қызметін атқарады. Ғылыми еңбектерінің негізгі бағыты аллергология және иммунология салаларына арналған.

Цойдың басшылығымен асқазан қатерлі ісігіне, өкпе туберкулезіне, көкжөтел, т.б. ауруларға қарсы арнайы емдік-профилактикалық тағамдар жасалып, сынақтан өткізіліп, өндіріске енгізілді. Адамдардың иммунитетін көтеру үшін тағамға биологиялық белсенді қоспаларды қосып, арнайы тағам өнімдері алынды; иммунокоррекция әдістері жетілдірілді.

450-ден астам ғылыми жарияланымның, оның ішінде 7 монографияның, 2 кітаптың авторы. 35 авторлық куәлігі мен патенті бар.

Цой «Қазақстан Республикасында тағам туралы ғылымның іргелі және қолданбалы аспектілерін дайындау» еңбектер топтамасы үшін Қазақстан Мемлекеттік сыйлығын алған (2001).

Еңбектері

  • Иммунопатогенез в инфекционном процессе, Алматы, 1992;
  • Противоопухолевый иммунитет и его алиментарная коррекция при раке желудка, Алматы, 2000;
  • Лечение туберкулеза легких в современных условиях, Алматы, 2002.<ref>Қазақ ұлттық энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub