Игорь Братцев
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Игорь Братцев – журналист. <ref>«Қазақстан журналистерінің тәжірибесінен» Алматы, 2008 жыл. ISBN 9965-9860-7-X</ref>.
1972 жылы қыркүйекте дүниеге келген. 1997 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің ( қазіргі ҚазҰПУ) филология факультетін, «орыс тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша тәмәмдаған.
1995-1996 жылдар аралығында «Тотем» телерадиокомпаниясының авторлық деректі фильмдер бөлімінде жұмыс атқарған. 1998 жылдан бастап КТК телеарнасында сценарист және әлеуметтік бағдарламалар редакторы болған.
2000-2001 жылдары «ХитFM-хабар» радиосының ақпараттық-танымдық бағдарламалар жүргізушісі болған. 2002-2003 жылдар аралығында «PR-management» ЖШС ұйымында копирайтер, спичрайтер қызметтерін атқарған.
«Хабар» акционерлік қоғамының ақпараттық-публицистикалық бағдарламалар бөлімінің редакторы және сценарисі болған. 2005 жылдан бастап – MediaNet ХЖО директор орынбасары, телевизия бөлімінің жетекшісі.
Дереккөздер
<references/>