Иван Сергеевич Крутков
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Иван Сергеевич Крутков (1931 ж. т., Зеленов ауд., Первосоветск а.) — Социалистік Еңбек Ері (1966). 1947 ж. ауыл шаруашылығын механикаландыру мектебін бітірген. 1955 ж. «Пермь» кеңшарында тракторшы, 1958 жылдан трактор-егіс бригадасының жетекшісі. Қарауындағы бригада жыл сайын жоғарғы өндірістік көрсеткіштерге жеткені үшін Крутковқа сол кездегі ең мәртебелі атақ берілген.<ref>Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 жыл. ISBN 9965-607-02-8</ref>
Дереккөздер
<references/>