Иван Григорьевич Масалов
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Иван Григорьевич Масалов(1935 жылы туған, Ресей, Ставрополь өлкесі, Красногвардейск ауданы Лад-Балка село) – инженер-механик. Грозный қаласындағы мұнай институтын бітірген. 1968 жылы Каспий аймақтық кен-металлургия комбинатына бақылау-өлшеу аспаптары жөніндегі аға инженер, 1975 – 1978 жылдары Ақтау пластикалық массалар зауытында бас аспапкер, Каспий аймақтық кен-металлургия комбинатында цех бастығы, күкірт қышқылы зауытының бас инженері болды. Ленин орденімен марапатталған.<ref>Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997; </ref>
Дереккөздер
<references/>