Иван Васильевич Косенков
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Иван Васильевич Косенков (30 желтоқсан 1923, Богословка (қазіргі — Бородулиха ауданы Шығыс Қазақстан облысы), Өскемен уезі, Семей губерниясы, Қазақ АКСР, РКФСР, КСРО — 18 қыркүйек 2015, Үштөбе қаласы, Алматы облысы, Қазақстан) — Жұмысшы-шаруа қызыл әскерінің сержанты, Ұлы Отан соғысы қатысушысы, Кеңес Одағының Батыры (1944).
Өмірбаяны
Косенков 1923 жылы туған. Әкесінен ерте айырылған 16 жастағы жас жігіт ұжымшарда еңбек етіп, отбасын асырайды. 1941 жылы Кеңес әскері қатарына шақыртылды.
Днепро өзенін кесіп өткен кездегі көрсеткен ерлігі оның даңқын шығарды. Сол жолы артиллериялық есепте екі адам ғана қалады, олар - Иван Косенков пен оның жолдасы Михаил Голяков. Екеуі бір апта бойы снарядпен үш танкіні, машинаны, бронетранспортерді жойып, жаумен кескілескен айқас жүргізді. Кейін Запорожьеде де осындай айқаста ерлік көрсетті.
1944 жылғы 22 ақпанда оның дивизиясына КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының жарлығы оқылды: оған Днепрді кесіп өту кезінде неміс-фашистік басқыншылармен айқаста ерлік көрсеткені үшін Кеңес Одағының батыры атағы берілді.
1944 жылы Косенков демобилизацияға ұшырады. Өмірінің соңына дейін Үштөбе қаласында тұрды. Зейнетке шығар алдында тракторист ретінде, одан кейін Алматы станциясында ағаш отырғызу қорғанысында ағаш культураларының мастері боп жұмыс істеді.
2014 жылдың 10 қарашадан бастап Талғат Бигелдинов дүниеден өткен соң Қазақстанда тұратын жалғыз тірі Кеңес Одағының Батыры ретінде есептелінді.
2015 жылдың 18 қыркүйегінде дүниеден өтті.
Сыртқы сілтеме
Мақала бастамасы | {{{article}}}}} мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз.{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар| Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет.}} |
| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Иван Васильевич Косенков|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}