Иван Васильевич Аничков

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Иван Васильевич Аничков (1863 – өлген жылы белгісіз) – орыс ғалымы, археолог және этнограф. 1888 ж. Санкт-Петербург университетінің шығыс тілдері факультетін бітірген. Түркістан мен Орынбордың ғылым мекемелерінде жұмыс істеді. Мерке маңындағы, Қостанай, Қазалы уездеріндегі, Торғай облысындағы тас мүсіндер, обалар мен басқа да археология ескерткіштерді, Әулиеата уезі Бесағаш қонысындағы көне қала орнын, Таразды және Сауран мұнарасын сипаттаған мақалалар жариялады. «Ұмытылған өлке», «Қырғыз даласындағы халық шаруашылығының құлдырауы» аталатын еңбектерінде қазақ халқының ауыр халін сөз етті.

Аничков Ресей отаршыларын сынға алып, «қазақ халқы Ресейдің қол астына қарағанда оның тағдырын осыншама назардан тыс қалдыратындай ешбір жазығы жоқ еді» деп жазды. «Орыстандыру» саясатын мінеп, қазақтардың әдет-ғұрпына құрметпен қарады.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>«Түркістандағы халық өмірінің очерктері» аталатын еңбегінде қазақтардың тұрмыс-салты туралы мәліметтер, «Қырғыз батыры Жаңқожа Нұрмұхамедов» деген мақаласында Сырдария бойы қазақтарының көтерілісі, оның басшысы туралы нақтылы деректер берген. 1896 ж. «Қазан университетінің ғылыми жазбаларында» жарияланған «Қырғыз халық шығармашылығының ескерткіштері» деген мақаласында да тарихи және этнографиялық деректер мол.<ref>Қазақ энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

Сыртқы сілтемелер

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Иван Васильевич Аничков|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}