Ибраһим ІІ

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ибраһим ІІ (1128 – 1158) – Шығыс Қарахандар әулеті мемлекетінің билеушісі. Ахмад Арслан ханның баласы. Ибраһим ІІ туралы бір-біріне қарама-қайшы тарихи деректер сақталған. Деректердің бірінде оны “шаҺид”, яғни мұсылман емес қидандармен соғыста қаза тапты десе, енді бір мәліметтерде өзінің қол астындағы көшпелі қарлұқтар мен қаңлыларға қарсы шайқаста қидандардан көмек сұраған деп көрсетілген. Ибраһим ІІ салжұқ билеушісі Санжар сұлтанмен бірігіп, қидандарға қарсы Хорасандағы Катван шайқасында жеңіліс тауып, қашып кеткен ағасы Мұхаммедтің орнына билік басына келген. Ибраһим ІІ қидан әміршісі Елюй Дашиге тәуелді болған. Ибраһим ІІ Бұхарадағы Келлябад деген жерде “жөнсіз істері” үшін қарлұқтардың қолынан қаза тапқан.

Тағы қараңыз

Сілтемелер

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Ибраһим ІІ|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}