Ибрагимова Гүлсара Жүсіпқызы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ибрагимова Гүлсара Жүсіпқызы— Тәжік жеріндегі Октябрь ауданында 1937 жылы дүниеге келген. Сондағы В.И.Ленин атындағы мемлекеттік университетінің биология факультетін бітірген. 1961 жылы — орта мектеп мүғалімі, 1962 жылдан — ҚазҮМУдің стажері, 1966 жылдан — Орталық ботаника бағының кіші ғылыми қызметкері <ref>"Қазақстан баспагерлері мен полиграфистері. Анықтамалық", Алматы,"Білім" баспасы, 2005 жыл - 576 бет. ISBN 9965-09-134-X</ref>.

"Қайнар" баспасында 1981-1990 жылдар аралығында ғылыми редакторлық қызмет атқарған. Өзінің мамандығына орай Г.Ж.Ибрагимова ауыл шаруашылығына қажетті "Егінге түскен вирус аурулар", "Институттың тәжрибелік жерлері", "Гүл өсірушінің серігі", "Бау-бақша зиянкестері" т.б. кітаптардың шығуына мұрындық болды.

Г.Ж.Ибрагимова күнделікті баспасөз беттерінде ондаған ғылыми мақалалары жарияланған.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}