Ибн Мұқанна

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

ибн Мұқанна, Жамал әд-Дин ибн Муханна (туған-өлген жылы белгісіз) – орта ғасырлық түркітанушы. 14 ғасырда ғұмыр кешкен.


Ибн Мұқаннаның түркітану ғылымында белгілі еңбегі – “Китаб Һуллийат ул-Инсан уа Һулат ул-лисан” (“Тіл шеберлігі және соны баяндау”). Бұл еңбек түркі тілі туралы грамматикалық оқу құралы болып табылады әрі онда арабша-түркіше сөздік берілген. Грамматика бөлімінде дыбыс жүйесі, есімдіктер, септеу, қосымшалар талданған. Қолжазбасының көшірмесі сақталған: Оксфордта (3 көшірмесі), Берлинде (1 көшірмесі), Стамбұлда (2 көшірмесі. Алғашқы бесеуін П.М.Мелиоранский 1900 жылы Санкт-ПетербургтеКитаб таржуман фарси уа турки уа моғоли” деген атпен бастырып шығарған. Соңғы алтыншы (басқаларынан толығырақ) нұсқасын 1921 жылы М.Рифат Стамбұлда жариялады. Оның тілі жайында С.Е. Малов арнайы еңбек жазды (1926). Осы еңбекті 1934 жылы түркі тіліне аударып бастырған А.Батал оның материалдарын қазақ тілінің деректерімен салыстыра отырып, өзара байланысын талдап береді. Қолжазбаның қашан, қайда, не мақсатпен жазылғаны жөнінде зерттеушілердің (Мелиоранский, Малов, Наджип, Ә.Құрышжанов) әр түрлі пікірлері бар. Бұл еңбек – 13 – 14 ғасырдағы Орталық Азия түріктері мен сол кездегі қыпшақтардың тілін зерттеу үшін құнды ескерткіш болып табылады.<ref>“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998. ISBN 5-89800-123-9</ref><ref>Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 жыл, 509 бет. ISBN 5-7667-2616-3</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}