Зәуреш Ғалымжанқызы Сақтағанова

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Ғалым Зәуреш Ғалымжанқызы Сақтағанова — тарих ғылымының докторы (2005), профессор (2009).

Өмірбаяны, еңбек жолы

1963 жылы 1 қарашада Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласында туған.

Петропавл педагогикалық институтын (1985, қазіргі Солтүстік Қазақстан университеті), ҚазМУ-дың (1990, қазіргі Қазақ ұлттық университеті) аспирантурасын бітірген.
ҚазМУ-да стажер-зерттеуші (1985-87), Қарағанды мемлекеттік университетінде оқытушы, аға оқытушы, доцент, профессор, кафедра меңгерушісі (1990-2007), 2007 жылдан декан қызметінде.

Ғылыми бағыты, еңбектері

Негізгі ғылыми бағыты – XX ғасырдағы Қазақстанның экономикасы тарихы.
"1946-1970 жылдардағы Қазақстан экономикасын кеңестік жаңашаландыру: тарихи тәжірибе сыны" тақырыбында докторлық диссертация қорғаған.
170-тен астам ғылыми жарияланымның, оның ішінде 4 монография, 11 оқу және оқу-әдістемелік құралдың, 2 электронды оқулықтың авторы.

Марапаттары

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер