Зұқай Шәрбақынұлы
Үлгі:Жазушы Зұқай Шәрбақынұлы (23 сәуір 1941, Баян-Өлгей аймағы, Моңғолия – 4 сәуір 2026) — моңғолиялық және қазақстандық ақын мен жазушы, Моңғолия (1975) мен Қазақстан (1993) Жазушылар одағының мүшесі.<ref>Үлгі:Кітап</ref><ref name="qaytis" />
Мазмұны
Өмірбаяны
1941 жылы (кей деректерде 1940 жылы) Шәрбақынұлы Моңғолияның Баян-Өлгей аймағында дүниеге келген. Ол Ұланбатыр қаласындағы Моңғол мемлекеттік педагогикалық институты мен Партия жоғары мектебін тәмамдаған.
Шәрбақынұлы еңбек жолын Моңғолияның батыс бөлігіндегі қазақтар қоныстанған Баян-Өлгей аймағында бастап, спорт және әкімшілік салаларында жауапты қызметтер атқарды. 1992 жылы тарихи Отаны, Қазақстанға, қоныс аударды. Оралғаннан кейін совхоз директорының орынбасары, Ақмола облыстық көші-қон басқармасында аға маман болып қызмет істеді.
Шәрбақынұлы 2026 жылғы 4 сәуірде қайтыс болды.<ref name="qaytis">Үлгі:Cite web</ref>
Шығармашылығы
Зұқай Шәрбақынұлы 1960 жылдардан бастап әдебиет айдынына шықты. Ол — өлең, дастан, толғау, поэма, тарихи хикаялар мен ғұмырнамалық шығармалар жазып, оқырманға 20-дан астам кітап сыйлаған автор.
Моңғолияда жарық көрген жинақтары (1970–1990)
- «Көкпар»
- «Ақ жаңбыр»
- «Сыр маржандары»
- «Көңілдің көкжиегі»
- «Жайлау сазы»
Қазақстанда жарық көрген еңбектері (1990–2026)
Шәрбақынұлының прозалық кітаптары қатарында:
- «Киелі қанның тамшысы»
- «Нар тұлға»
- «Бедерлі ғұмыр»
- «Қияда түлеген қыран»
- «Қойтасты қойнауы жасырған сыр» болса,
Поэзиялық жинақтары арасында
- «Айбыным — Атамекенім»
- «Аспан асты — кең мекен»
- «Тылсым тірлік тағылымы»
- «Өмірдің өң бедері»
- «Қарт жүректің алауы» болды.
Жетістіктері
Автор ел көлемінде өткен көптеген жыр мүшәйраларының жүлдегері атанған.