Зорығу

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Зорығу – ми қабығының біркелкі жүйелі жұмыс істеу қабілетінің бұзылуынан болатын әлсіздік.

Мұны кейде қажу, болдыру деп те атайды. Зорығу кезінде адамның басы ауырады, орынсыз ашушаңдық, асқа тәбет шаппау, ұйқының бұзылуы, енжарлық, т.б. жағымсыз сезімдер меңдеп алады. Зорығу – ақыл-ой жұмысының нәтижелілігін төмендетеді, оқу-жазуға ынта болмай, адам естігенін ұмытып қала береді. Мұндай хәл адамның өзінің айналасындағы ортамен тіл табыса алмауынан, ренжіп, қайғырып, қиналуынан да туындауы мүмкін. Шамадан тыс ретсіз көп оқу, ұйқы режимін бұзу, дем алу тәртібін сақтамау, жүйесіз жұмыс істеу, т.б. зорығуға әкеліп соқтырады. Сондықтан жұмыс ырғағын бұзбау, оның қарқынын біртіндеп өсіру, іс-әрекеттің жүйелі және жоспарлы болуын қамтамасыз ету, еңбек пен демалыстың дұрыс алмасып отыруын қадағалау қажет. Зорығу жануарларға да тән.

Тағы қараңыз

Сілтемелер

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Зорығу|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}