Зинаида қызғалдағы
Үлгі:Taxobox Зинаида қызғалдағы (Үлгі:Lang-la) – лалагүлдер тұқымдасының қызғалдақ туысына жататын, сабағы күлгін реңді, биіктігі 10-15см болатын, жарық аз түсетін жерлерде 40 см-ге дейін жететін қызғалдақ түрі. Пиязшығының қалыңдығы — 3см, терілі, қара және қара қоңыр, ішкі жағының ұшы мен түбі жатаған түкті қабықты. Жапырақ саны үшеу, үлкен, ұзынша, ашық түспен жүйкелеген көкшіл-сұр түсті, жалаңаш. Гүлі біреу, сары, сыртқы жағы қызыл, ұзындығы — 5 см. Сабағы қысқа. Гүл серігінің сыртқы жапырақтары ұзынша немесе жіңішке ромб тәрізді; ішкілері кері сопақша. Гүл ортасы қара жұлдыз сияқты. Аталық жіпшелері сары немесе қара. Тозаңдықтары сары. = Сәуір—мамыр айларында гүлдейді.
Қазақстанда таралуы
Таудың төмеңгі белдеуіндегі ұсақ топырақты және шағыл тасты беткейлерінде, түрлі шөптесінді-бетегелі далада және бұталар арасында өседі. Қазақстан жеріндегі Қырғыз жотасында кездеседі.
Қазақстанның Қызыл кітабына еңгізілген.