Зинаида шөлмасағы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Зинаида шөлмасағы(Eremostachys zenaidae) – еріндігүлділер тұқымдасы, шөлмасақ туысына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік. Қазақстанда Іле Алатауының шығыс жағындағы Торайғыр жотасында, Кетпен жотасының солтүстік-батысында кездеседі. Биіктігі 40 – 70 см, жуан түйнекті тамыры болады. Сабағы көп емес, қарапайым, жалаң. Тамыр түбіндегі жапырақтары тұтас, ұзынша жұмыртқа тәрізді, сабақ бойындағылары ұсақ келеді. Гүлі қара қошқыл күлгін түсті. 8 – 10 гүлді күлтебас гүлшоғырына топталған. Тұқымынан көбейеді. Мамырмаусым айларында гүлдеп, маусымда жемістенеді. Жемісі – жаңғақша. Сәндік өсімдік. Зинаида шөлмасағы өте сирек кездесетін эндемик түр болғандықтан қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.<ref>Қазақ Энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Зинаида шөлмасағы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}