Зиготен
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Зиготен (Үлгі:Lang-el zygoos — байланыс, tainia — таспа) — гаметогенез кезінде мейоздық бөлінудің ең ұзақ бірінші кезеңі - профазаның гомологиялық хромосомалар бір-біріне жақындап, байланысып (конъюгация), жұптасып орналасып, диадтар (қосарлы орналасу) түзетін сатысы. Бұл сатыда гомологиялық хромосомалар диадтарда бір-бірімен өзара гендерімен алмасады. Бұл процесті кроссинговер (латынша crossing — будандасу, over — арқылы) процесі дейді.<ref>Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі / — Алматы: «Сөздік-Словарь», 2009 жыл. ISBN 9965-822-54-9</ref>
Дереккөздер
<references/>