Зигомициттер

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Зигомицеттер (Zygomycetes) саңырауқұлақтардың бір класы. 4 қатары (Mucorales, Endogonales, Entomophthorales, Zoopagales), 500-ден артық түрлері белгілі. Табиғатта кең тараған. Топырақта, көңде, сондай-ақ өсімдіктердің құрамында, буынаяқтылардың, омыртқалы жануарлар мен адамдардың денесінде паразитті тіршілік етіп, қоректік заттардың құрамында ақ ұнтақ түрінде кездеседі. Зигомицеттердің талломы өте жақсы дамыған көп ядролы жіпшумақтардан (мицелийлер) құралады. Клетка құрамында хитин және хитозин, кейде глюкан заттары болады. Зигоспора түзіп, зигогамия жолымен жынысты көбейеді, аты осыған байланысты қойылған. Зигогамия жолымен жынысты көбею кезінде әр түрлі жынысты екі жіпше түйісіп, перделермен бөлініп, екі жыныстық мүше гаметангийлер түзіледі. Гаметангийлерде жыныстық жасушалар түзілмейді. Екі гаметангийдің түйіскен жерінде қабықтары еріп, зигота түзіледі. Зигота 2-3 қабаттан тұратын қабықпен қапталып, ұзақ бұйығу кезеңінен өтеді. Одан әрі ядро редукциялы бөлініп зиготадан өскен жіпшеге өтеді де, ұшында түзілген спорангийде әрқайсысы спораға айналады. Споралар әр түрлі жынысты болады. Олардан әр түрлі жынысты саңырауқұлақ жіпшелері өсіп жетіледі. Зигомицеттер табиғатта эндогендік жолмен түзілетін жыныссыз споралар немесе конидиилер арқылы да көбейеді. Саңырауқұлақ жіпшелерінің (мицелии) ұзындығы бірнеше мм-ден бірнеше см-ге дейін жетуі мүмкін. Зигомицеттер класы мукорлар (Mucorales) және энтомофторалылар (Entomophthorales) қатарларына жіктеледі. Мукор саңырауқұлақтары топырақта, өсімдік қалдықтарында жиі кездесіп, соңғыларын органик. заттарға дейін ыдыратуда белсенді рөл атқарады. Олар ылғалдылығы жоғары дәнді де жайлап, оның сапасы мен тұқымының өнгіштігін төмендетеді. Мукорлардың кейбір түрлері адамның өкпе ауруын қоздырады. Энтомофторалы саңырауқұлақтардың жасуша қабығы хитинделген, жетіле келе перделерге бөлінетін, тармақталған мицелийлерден тұрады. Бұл қатардың арасында насекомдар микоздарын қоздыратын Entomophthora туысының өкілдері белгілі. Оларды ауыл шаруашылық дақылдарының зиянкестерімен күресудің биол. тәсілі ретінде пайдалануға болады.

Қазақстанда Зигомицеттер көп кездеседі, көпшілігі тағамға зең түсіреді; қара Зең саңырауқұлақтары. Зигомицеттердің кейбір түрлерін микробиологиялық және тамақ өнеркәсіптерінде, біраз түрлері зиянды жәндіктермен биологиялық күресте қолданылады.<ref>“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

Сыртқы сілтеме

Зигомицет

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Зигомициттер|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}