Зерен
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Сурет:Зерен.jpg
Зерен
Зерен– ағаштан жасалған сәнді, түбі шұңғыл ыдыс. Оны жасау үшін ағаш діңінің түп жағына тақау тұсында болатын безді діңге зақым келтірмей кесіп алады. Жасалатын зереннің үлкен-кішілігі бездің көлеміне байланысты. Мұндай без қайың ағаштарында көбірек кездеседі. Табиғи өрнегі де мол болады. Зереннің қазақ халқының дәстүрлі тұрмысындағы орны ерекше. Безден шабылып жасалған Зеренге оның табиғи қалпына орай оюлар ойған, ернеуіне, бүйіріне, түбіне күмістен өрнектер салған. Зеренді, көбінесе, қымыз құюға пайдаланады.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>
Дереккөздер
<references/>