Зена - жауынгерлер патшайымы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Телесериал «Зена – жауынгерлер патшайымы» (Үлгі:Lang-en; АҚШЖаңа Зеландия, 19952001)<ref name="air">Үлгі:Cite web</ref> - «Renaissance Pictures» және «Universal Pictures» кинокомпаниялар бірігіп, шығарған теле сериал. 134 эпизодтан тұратын алты маусымнан құралған.

Тарихы

Бұл жобаны бастау туралы идея Роб Таперт және Сэм Рэймиде «Гераклдың ғажайып саяхаты» эпизодының түсірілімінен кейін пайда болды. Бұл эпизодта ең бірінші рет Зенаның рөлінже Люси Лоулесс шықты.

Теле сериалдың түсірілімі Жаңа Зеландияда 1995 және 2001 жылдары аралығында өтті. Бұл жоба аз қаржыландырғандықтан бірінші сериялардың көрсетілімінен кейін бірден көрермендердің көңілінен шыға алды. Сериал келе-келе әйгілі болып, алтыншы маусымда көрсетілітен елдерде атақты болып, көптеген кинотанушыларға ұнады.

2015 жылы телеарна NBC және  NBC Universal International студиясы сериалды жаңғырту туралы ниет білдірді. Жобаның атқарушы продюсерлері Роб Таперт және Сэм Рейми қалады. Алайда Люси Лоулесс басты рөлді ойнаған актриса жаңа маусымның түсіріліміне қатыспайды. 

Сюжет

Сурет:20120713 Lucy Lawless @ Comic-con cropped.jpg
Зенаны ойнаған актриса - Люси Лоулесс

Өткен уақытта Зена қатыгез кісі өлтіруші болды. Оның әскері жолында тұрған бәрін құртып, адамдары ауылдарды тонап, өртеп жіберіп, кісі өлтіретін. Зена аяу және рақымдылық сезімдерінің не екенін білген жоқ. Бірақ бұның бәрі өткенде. Енді Зена жақсы жолға тұрып,  әлсіздерді қорғап, зұлымдылықпен күресуге бел буды.

Қарақшылардан қорғаған ауылдың бірінде Зена жас, білімді, ауылдас жігітке тұрмысқа шығуға дайындалған Габриэль деген қызды кездестіреді. Зенаның батылдығына, күшіне таңғалған Габриэль бүкілін тастап – ауылын, туған-туысқандарын, күйеу-жігітін – Зенамен саяхатқа шығуды ұйғарады. Бұған Зена қарсы болады, бірақ Габриэль бәрібір артынан кетіп, оның жолсерігі болды. Ол тек жақтасы болып ғана қоймай, жауынгерлер патшайымының жақын құрбысы болады. Тек кей-кезде ғана айырылысып, олар бірге Жерорта жерінен Жапонияға дейін үлкен жол жүріп, кедей адамдарға көмектесіп, зұлымдармен күресіп, әділеттілікті қалпына келтіреді.  Габриэль мен Зенаның достығы, бір-біріне әсері де сюжеттің бір бөлігі болып табылады. 

Рөлдерде

  • Люси Лоулесс — Зена, Диана, Мэг, Лея, Энни.
  • Рене О’Коннор — Габриэль, спутница және Зенаның құрбысы, сондай-ақ Надежда, Габриэльдің қызы.
  • Кевин Смит — Арес, соғыс құдайы
  • Александра Тайдингс — Афродита, махаббат құдайы
  • Кевин Сорбо — Геракл, Зевс және Алкменаның баласы, Зенаның досы.
  • Майкл Хёрст — Иолай, Гераклдың досы.
  • Брюс Кэмпбелл — Автолик, ұрылардың патшасы, Геракл мен Зенаның досы.
  • Тед Рейми — Джоксер, Зена мен Габриэльдің досы.
  • Роберт Требор — Салмоней, Геракл мен Зенаның досы.
  • Мег Фостер — Гера, құдайлардың патшайымы
  • Пэрис Джефферсон — Афина, білім құдайы.
  • Карл Урбан — Майл, Купидон және Юлий Цезарь, Кор
  • Меган Десмонд — Дисгармония, дай құдайы
  • Эрик Томсон — Аид, жер асты дүниенің құдайы
  • Джоэль Тобек — Деймос, араздастықтың құдайы
  • Чарльз Межер — Архангел Михаил
  • Марк Фергюсон — Прометей, титан
  • Эдвард Кэмпбелл — Крайус, титан
  • Мартон Чокаш — Борайас / Белах / Крафстар
  • Хадсон Лейк — Каллисто, басты зұлым кейіпкер.
  • Эдриан Уилкинсон — Ева / Ливия, Зенаның қызы
  • Клер Стенсфилд — Алти, шаман
  • Даниель Кормак — Эфини, амазонка, Зена мен Габриэльдің құрбысы
  • Виллиам Грегори Ли — Вирджил, Зена мен Габриэльдің досы, Джоксер мен Мэгтың баласы.
  • Джеки Ким — Лао Ма, Зенаның досы
  • Дженнифер Скай — Эмерис, амазонка
  • Кэтрин Моррис — Наджара
  • Тимоти Омандсон — Илай, Зена мен Габриэльдің досы, мессия
  • Джей Лагайа — Дрейко
  • Дериэн Такл — Сайрин (Сирена), Зенаның анасы
  • Девид Франклин — Брут
  • Девид Тейлор — Солан, Борайес пен Зенаның баласы
  • Крэйг Паркер — ханзада Сарпедон / Клидес / Беллерофонт
  • Джереми Кэллаган — Помпей
  • Роберт Аркетт (Алексис Аркетт) — Калигула
  • Тэнди Райт — Сара / Соната

Өнім

Кітаптар

Жыл Автор Атауы (қазақша) Атауы (ағылшынша)
2002 Рю Эмерсон  Жауынгер және Сфинкс The Huntress and the Sphinx 
2002 Рю Эмерсон  Одиссейдің бос тағы The Empty Throne 
2002 Рю Эмерсон  Афинаға қарсы қастандық The Thief of Hermes 
2002 Рю Эмерсон  Еленаны алып қашуы Questward Ho! 
2002 Стелла Ховард  Цербермен соңғы шайқас Prophecy of Darkness 

Ойын

1999 жылы Electronic Arts компаниясы Sony PlayStation-ға арнап сериал бойынша ойын шығарды. Ресейде ойын орыс тіліне аударылып 2000 жылы шықты.

Анимациялық фильм

Сериал бойынша "Геракл және Зена: Олимп үшін күрес" анимациялық фильм шықты. Бұл фильмде Люси Лоулесс ән шырқады.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер