Земарх

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Земарх568 – 569 жылы түркі қағаны Істемиге барған Византия елшісі.<ref>Пигулевская Н., Византия на путях в Индию, М. – Л., 1951</ref> Елшілікті Византия императоры Юстин ІІ жіберді. Земарх елшілігі Византия мен Батыс Түрік қағанаты арасында тікелей сауда қатынасын орнатуды көздеуден туды. Шығыс Түркістандағы Текес өзен алабындағы Истеми қағанның ордасына жету үшін елшілік Кавказды, Еділді, Жайықты, Каспий теңізінің солтүстік жағалауы маңын, Хорезмді, Сырдарияның бойын басып өткен. Ол Тараз қаласында жергілікті билеушінің қабылдауында болған. Елшіліктің мақсаты парсыларға қарсы Түрік қағанатымен әскери одақ құру болды. Земарх елшілігі 568 ж. Түрік қағанатының елшісі Маниахқа еріп, Кавказды, Каспий теңізін айналып өтіп, Хорезм, онан соғдылар жері арқылы Сырдарияға келіп жетті. Түрік қағанатының батыс өңірлерінің билеушісі (жағбуы) Істемінің (Истеми, Естеми, Менандр жазбасында Дизавул) қабылдауында болар алдында Византия елшілері жанып тұрған екі отты айналып өтіп, тазару ырымын жасайды. Түрік қағанатының билеушісі Мұқан қаған елшілерді өзінің байлығымен және тазалығымен таң қалдырған үлкен киіз үйлерде қабылдайды. Қағанмен кездесу кезінде екі мемлекеттің тікелей сауда-саттық жасауы, әрі Сасани әулеті мемлекетіне (парсыларға) қарсы әскери одақ құру мәселелері кеңінен әңгіме болды. Кездесуден кейін Земарх Істемі жабғумен бірге парсыларға қарсы жорыққа аттанды. Олар жолда, Талас өзені бойында Сасани әулеті билеген парсы елшілерін кездестірді, бірақ Істемі парсы елшілеріне ешқандай көңіл аудармайды. Парсылармен дипломатиялық қатынастарын үзіп, Түрік қағанатымен достық байланыс орнатқан Земарх елшілігі өз мақсатын толық орындап, келген іздерімен елдеріне қайтты. Константинопольге келгеннен кейін Земарх өзінің Түрік қағанаты билеушілерімен жүргізген келіссөздері жөнінде императордың алдында кең түрде есеп береді.<ref>Менандр Протектор. Продолжение истории Агафьевой, СПб., 1861</ref>

Осы елшіліктің жазбаларында бірқатар қызықты деректер келтіріледі.<ref>История Казахстана, т. 2, А., 1996.</ref> Ол Ордаға жеткеннен кейін елшілердің от-алау арасынан өтіп, «жын-сайтаннан» тазалануға тиісті болғанын айтады. Орда салтанатын сипаттай келіп, ондағы жібек шатыр, күміс ыдыстарға толы арбалар, дөңгелекті алтын тақ – бәрі-бәрі түркі билеушісінің құдыретін білдіретінін жазады. Сондай-ақ, ол Шу мен Талас өңіріндегі қалалардың жиі орналасқанын да атап көрсеткен.<ref>"Қазақ Энциклопедиясы",4 том 3 бөлім</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Земарх|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}