Зейнолла Қалидоллаұлы Кәкімжанов
Кәкімжанов Зейнолла Қалидоллаұлы - «Инвестициялық компания: Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ Басқарма төрағасы.
1959 ж. 15 тамызда Семей облысы Шар қаласы туған. 1985 ж. М.В. Ломоносов атындағы ММУ-ді бітірген, экономист-кибернетик. Экономика ғылымдарының кандидаты (1990). «Еуразия» ХЭА академигі (1997).
1976 ж. - Семей азаматтық құрылымдар дистанциясында ағаш шебері-станокшы.
1977 ж. - Кеңес Армиясының қатарында азаматтық борышын өтеген. 1979-80 жж. - М.В. Ломоносов атындағы ММУ дайындық бөлімінің тыңдаушысы.
1985-87 жж. - ҚазКСР Мем. жоспар жанындағы ҒЗЭИ экономисі, кіші ғылыми қызметкері. 1987-91 жж. - КСРО ҒА Экономика және ғылыми-техникалық прогресті болжау институтының аспиранты. 1991 ж. - ҚазКСР Мемлекеттік жоспар жанындағы ҒЗЭИ аға ғылыми қызметкері. 1991-92 жж. - ҚазКСР Мәдени, әлеуметтік және ғылыми-техникалық даму қоры ғылыми-консультативтік орталығының кеңесшісі. 1992-93 жж. - «Қазақстан» республикалық құрылыс биржасы» АҚ вице-президенті, «КИНКО» компаниясының бас директоры. 1993-94 жж. - Қазақстан банкаралық валюталық биржаның бас директоры, «Жана ұрпақ» ИЖҚ басқарушысы. 1994-97 жж. - «Қазақстанның акционерлік халықтық жинақ банкі» АОЗТ Басқарма төрағасының міндетін атқарушы, төрағасы. 1997 ж. - ҚР Президентінің көмекшісі - ҚР Президенті жанындағы Жоғары экономикалық кеңес төрағасының орынбасары. 1997-98 жж. - ҚР Президентінің көмекшісі - Орнықты даму жөніндегі ұлттық кеңес төрағасының орынбасары. 1998-99 жж. - «НСБК-групп» ұлттық инвестициялық қаржы акционерлік компаниясы» ЖАҚ төрағасы. 1999-2002 жж. - ҚР мемлекеттік кіріс министрі. 2002 ж. - ҚР МКМ Кеден комитетінің төрағасы міндетін атқарушы. 2002-03 жж. - ҚР қаржы министрі. 2003 жылдан - «Инвестициялық компания: Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ Басқарма төрағасы.<ref>Қазақстан бизнес - кітабы. Қаржы. – Алматы, ЖШС “Алматы баспа үйі,” 2006 ISBN 9965-9865-5-X</ref>
Дереккөздер
<References/>