Зейнола Тілеужанов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Тұлға

Зейнолла Тілеужанов (1942 ж.), ақын.

Зейнолла Тілеужанов Шығыс Қазақстан облысы (бұрынғы Семей облысы) Ақсуат ауданына қарасты «Қызыл қайың» ұжымшарында 1942 жылы 29 қарашада дүниеге келген. 1968 ж. ҚазМУ-дің филология факультетін бітірген. «Жетісу» облыстық газетінде, кинематография комитетінде, «Жаңа фильм-Новый фильм», «Еңбек таңы» журналдарында және Мәдениет Министрлігі жанындағы халық шығармашылығы үйінде қызмет атқарған.

Тырнақалды жырлары республика жас ақындарының «Жас керуен» (1969) жинағына енген. Кейінгі жылдары «Лебіз» (1971), «Солидарность» (1973 орыс тілінде ұжымдық жинақ), «Толағай тау», «»Ой ағысы», «Сарыарқа», «Махаббат дастаны», «Аспанға көшкен ауыл», «Күнге табынғандар» атты жыр кітаптары шыққан. Көптеген шетел ақындарының өлеңдерін, сондай-ақ 100-ге тарта кинофильмдерді қазақшаға аударған.

Дереккөздер

<references/>

1. Шығыс Қазақстан облысы мәдениеті кітабы, АТАМҰРА