Зейнеш Садырқызы Әбішева

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Ғалым Зейнеш Садырқызы Әбішева (23 қаңтар 1947 жыл, Сырдария ауданы, Тереңөзек кенті – 3 мамыр 2021 жыл, Алматы қаласы) — қазақстандық ғалым, металлургия саласының маманы, техника ғылымдарының докторы, профессор, академик.

Ол қазақ қыздары арасынан шыққан металлургия мамандығы бойынша тұңғыш техника ғылымдарының докторы (1995), профессор (1997). Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі (2017), Қазақстан Республикасының Жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі (2008).

Мәскеу талшықты химия-технологиялық институтын (1971) және осы оқу орнының аспирантурасын (1974) тәмамдаған. 1974–1987 жылдары Қазақстан Ғылым академиясының Металлургия және кен байыту институтында кіші және аға ғылыми қызметкер болып жұмыс істеді. 1987–2010 жылдары зертхана меңгерушісі, 1998–1999 жылдары институт директорының орынбасары қызметтерін атқарды.

2011–2016 жылдары «Жер туралы ғылымдар, металлургия және кен байыту» ғылыми орталығы акционерлік қоғамының президенті болды. 2016–2019 жылдары Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінде институт директоры, 2019–2021 жылдары профессор-зерттеуші қызметін атқарды.

Зейнеш Әбішева сирек кездесетін микроэлементтер металлургиясы саласында ғылыми мектеп қалыптастырған көрнекті ғалым. Ол 640-тан астам ғылыми еңбектің, оның ішінде 2 монографияның, 86 КСРО және Қазақстан Республикасының авторлық куәлігі мен патентінің авторы. 10 ғылым кандидатын және 2 PhD докторын дайындаған.

Ғалым ғылым мен техниканың дамуына қосқан ерекше үлесі үшін мемлекеттік ғылыми стипендия иегері (2000–2002), Қ.И. Сәтбаев атындағы сыйлықтың лауреаты (2011). КСРО өнертапқышы (1987), Қазақстан Республикасының үздік өнертапқышы (2011), Қазақстан Республикасының атом өнеркәсібі саласының құрметті қызметкері (2019) атақтарына ие болған. «Құрмет» орденімен (2019) және бірнеше медальмен марапатталған. <ref>СЫР ЕЛІ. Энциклопедия / Бас ред. Б.С. Каримова. 2-басылым. – Алматы: «Тау-Қайнар» ЖШС, 2023</ref>

Шығармалары:

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер