Зейнекүл Қатшыбекқызы Сейсенова
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Зейнекүл Қатшыбекқызы Сейсенова (1953 жыл 16 наурыз Жамбыл облысы Көктерек ауданы Жиделі бекеті) - журналист.
Әкесі - Әбдіқалықов Қатшыбек. Анасы – Нұрғалиева Нағима, үй шаруасымен айналысады.
- С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген (1981), журналист.
- 1974 жылдан - «Путь Ильича» («Төле би жалауы») Шымкент облысы Төле би аудандық газетінің әдеби қызметкер-аудармашысы, мәдениет бөлімінің меңгерушісі, өнеркәсіп, партиялық емір, ауыл шаруашылық бөлімінің меңгерушісі, жауапты хатшы, редактордың орынбасары.
- 1994-1995 жылдары - «Оңтүстік тынысы» газетінің жетекші редакторы (Шымкент қаласы).
- 1996 жылдан - «Айғақ» тәуелсіз газетінің орыс басылымы редакторының орынбасары (Шымкент қаласы).
- 1997 жылдан - «Керуен» радиосындағы «Пікірлер пирамидасы» күнделікті бағдарламасының жүргізушісі.
- 1998 жылдан - «Шахар» телерадио компаниясының бас редакторы.
- 1999 жылдан - «Зеркало» республикалық әйелдер журналының бас редакторы - «Central Asian News» айлығының меншікті тілшісі.
- 2000 жылдан - «Шахар» телерадиокомпаниясының бас продюсері.
- 2001 жылдан — «Достық» республикалық қоғамдық-саяси журналының редакторы, бас редакторы.
- 2003 жылдан бері - «Достық-Дружба» журналы» ЖШС құрылтайшысы, «Достық-Дружба» республикалық журналының баспагері - бас редакторы.
Қоғамдыөқ қызметі
- Қазақстан журналистер одағының мүшесі (1983 жылдан).
- Қазақстан халқы ассамблеясының мүшесі.
- Қазақстан дипломатиялық клубының төрағаласы.
- Алматы қазақстандық-кубалық достық қоғамының төрағасы.
- «Франция-Қазақстан» қазақ -француз қоғамының мүшесі.
- Дарынды балаларды демеуші «Байта» халықаралық қайырымдылық қорының қамқорлық кеңесінің мүшесі.
- Жетекші журналистер-эксперттер клубының мүшесі.
Шығармашылығы
- «Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы», Екі томдық «Достар әлемі - Планета дружбы», «Иланған адамдарға белгілер» кітаптарын дайындау және шығару жобаларының жетекшісі
- «Қазақстан халқы ассамблеясы» кітабының құрастырушыларының бірі,
- «Қазақстан және әлем» кітабының бірлескен авторы.
Марапаттары
- «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005)
- «Астананың 10 жылдығы» (2008)
- «Ерен еңбегі үшін» (2010) медальдарымен
- ҚР Президентінің Құрмет грамотасымен (2004) марапатталған.
Көзқарастары
- Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін біледі.
- Діни көзқарасы - «Аллаға сенемін».
- Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - М.К. Ататүрік.
- Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Өркениеттің жиегінде қалмайтыныз анық! Бірақ кемелге жоғалтулар мен өкініштер күйініші арқылы жетеміз... Осы абыр-сабырда ұлт «келбетін» сақтап қалу маңызды».
- Хоббиі - кітап оқу, зайырлы қабылдаулар өткізу, саяхат, миға шабуыл.
- Сүйіп оқитын әдебиеті - И. Бунин, И.С. Тургенев, А.П. Чехов, Е. Баратынский, А. Ахматова, М. Булгаков, Ф. де Стендаль, У.К. Фолкнер, Дж. Стейнбек, Дж. Голсуорси, Ф.Л. Райт, .В. Думбадзе, Р. Гамзатов, Б.Ш. Окуджава, Ш. Айтматов, X. Мураками, Ә. Нұрпейісов.
- Тұрмыс құрған. Жұбайы - Сейсенов Көлбай Бекенұлы, инженер-құрылысшы. Қыздары - Жанар (1974 жылы туған), суретші-модельер, Динара (1977 жылы туған), журналист, Айгерім (1992 жылы туған); ұлы - Ғалымжан (1975 жылы туған), заңгер, экономист. Немерелері - Жәния, Әмина, Нұрия, Әмір, Филио-Бирай.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2</ref>
Дереккөздер
<references/>
{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}