Зевакино (көне зират)

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Зевакино – көне зираттар орны, Шығыс Қазақстан облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген археология ескерткіші.

Орналасқан жері

Шемонаиха ауданы, Шемонаиха ауылының батысында, Ертіс өзенінің жағалауына жақын орналасқан.

Сипаты

500-ден астам зираттардың пайда болған мерзімі қола дәуірінен ортағасырлық қимақтар кезеңіне дейінгі уақытты қамтиды. Зевакиноны 1964-74 жылы Өскемен педагогикалық институтының археологиялық экспедициясы (жетекшісі Ф.К. Арсланова) зерттеп, Қазақстанның ежелгі дәуірдегі және ортағасырлық тарихына байланысты көптеген деректер жинады.
Қола дәуірі ескерткіштерінің жер үсті құрылымдары, көбінесе, кварц тастарынан қаланған дөңгелек қоршаулар түрінде болып келеді, ал қабір іші гранит плиталардан немесе сланец тастардан қаланған. Мүрделер аяқтары бүгіліп, оң жағына жатқызылып, бастары батысқа қаратыла жерленген. Зерттеу барысында мүрделермен бірге геометриялық оюлармен безендірілген қыш ыдыстар, қола, алтын, т.б. әшекейлер, моншақтар, жебенің ұшы, қанжар, пышақ, ине, біз табылды.
Зираттардың келесі тобы – ерте темір дәуіріне жататын ескерткіштер (XIX-VIII ғасырлар). Оған үлкен кешен – ерекше рәсіммен ұжымды түрде жерленген адамдардың моласы жатады. Моладан бірнеше темір пышақтар табылған. Қазақстанда XIX-XI ғасырлар аралығында дербес мемлекеттік бірлестік құрған түркі тілдес қимақ тайпаларының мәдениеті көп жылдар бойы осы Зевакино ескерткіштері көмегімен кешенді түрде зерттеліп, қимақ мәдениеті атауы ғылыми айналымға енді. Табылған ескерткіштер арасында қимақтардың қару-жарақтары, ат әбзелдері, т.б. бар. Ең құндысы қола айнаның бетіне сызып жазылған сына жазу.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер