Заң (газет)
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Заң газеті – қазақ тіліндегі республикалық апталық ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ, ҚҰҚЫҚТЫҚ газет. Алғашқы саны 1994 жылы 3 қарашада жарық көрді. Тұңғыш редакторы – М.Тоқашбаев. Қазіргі редакторы – Бекжан Әшірбаев. Президенті - Досым Өтеғалиев. Меншік иесі – «ЗАңМедиа» ЖШС.
Газетте Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтары мен өкімдері, халыққа Жолдаулары, Қазақстан Парламенті қабылдаған заңдар, Үкімет қаулылары жарияланады. Республиканың саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени өміріндегі жаңалықтар мен өзекті мәселелер туралы мақалалары арқылы газет жұртшылықты құқықтық реформаның жүргізілу барысымен таныстырып келеді. Көлемі 4 баспа табақ.
Заң газеті» аптасына 4 рет – сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма күндері жарық көреді. Жеке таралым 10120 дана , апталық таралым 40480 дана. Газет редакциясы Алматы қаласында орналасқан. Айдарлары - Ізкесер, Адвокат, Аймақ, Алаң жұрт, Алқа, Ашық әңгіме, Безбен, Биік мінбер, Бүгін, Демография, Заң тәпсір, Ойталқы, Оқырман хаттары, Руханият, Спорт, Таразы, Соңғы бет, Тележоба, Төртінші билік, Шартап, Қазына, Қоғам, Құқық, Әлеумет. Қазіргі уақытта газеттің электронды нұсқасы да бар. Бұл басылымда белгілі заңгер Н.Шайкеновпен қоса академик, заң институтының алғалқы ректоры С.Зиманов та қызмет атқарып, заңдарымыздың мәні мен мазмұнын, ролін халыққа жеткізуде шын мәніндегі насихатшы, үгітші, ұйымдастырушы ретінде зор үлес қосты.<ref>"Қазақ Энциклопедиясы", 4 том 3 бөлім</ref>