Заңсыз тартып алынған жерлерді қазақ еңбекшілеріне қайтарып беру туралы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Заңсыз тартып алынған жерлерді қазақ еңбекшілеріне қайтарып беру туралы - Қазақ АКСР ОАК-нің 1921 жылы 2 ақпандағы Ресей империясының отарлау саясатының салдарларын жоюға бағытталған декреті. Қазан төңкерісіне дейін Ресей империясы Қазақстанда қатаң отарлау саясатын жүргізіп, қазақ халқының 45 млн. десятинадай егіндік пен шабындық жерін тартып алған болатын. Қазан төңкерісінен кейін Қазақ АКСР ОАК-і жер мәселесіндегі отарлау саясатының салдарларын жоюға бағытталған шараларды жүзеге асыра бастады.

Бұл шаралардың ішінде Қазақ АКСР ОАК-нің 1921 жылы 2 ақпандағы “Заңсыз тартып алынған жерлерді қазақ еңбекшілеріне қайтарып беру туралы” декреті маңызды рөл атқарды. Декрет бойынша, Ресей империясы кезінде қоныс аудару басқармасы бөліп алған, бірақ 1917 жылғы ақпанға дейін ешкім иеленбеген бос жерлер, пайдаланылудағы, бірақ кезінде заңсыз тартып алынған жерлер қазақ халқына қайтарылуға тиіс болды. Декреттің шарттарына сәйкес қоныс аудару басқармасы бөліп алған жерлерде қоныстанып қалған жерсіз шаруалар шаруашылықтары өз үлестерін алды. Қазақ АКСР ОАК 1921 жылы 19 сәуірде осы декретке мазмұндас тағы бір декрет жариялады. Ол Ресей империясы казак-орыс әскерлерінің меншігіне бөліп берген, Жайық өз-нің сол жақ жағалауындағы жерлер мен Ертіс өз-нің бойындағы 10 шақырымдық алқапты қазақ халқына қайтарып беру туралы декрет еді. Декреттер жарияланысымен жер-жерде кіріптарлық жал шарттары жойылды, ауқатты казак-орыстар мен кулактардың жер пайдаланудағы артықшылық құқы тежелді, жер иелену межелері белгіленді. Жер көлемі өлшенді. Бұл жұмыстарды Жерге орналастыру комиссиялары атқарды.

Қазақ шаруашылықтарын жерге орналастыру ісі 1921 жылғы ашаршылық пен жұтқа байланысты кең өріс алған жоқ. 1922 жылы көктем және жазда біраз жер қайтарып берілді. 1922 жылдың күзіне қарай Жайық өз-нің сол жағасынан қазақ еңбекшілері 208 мың десятинадан астам жайылым мен егістік жер алды. 1922 жылы Қазақ АКСР-нде аталған декреттер жүзеге асырылуымен қатар, сол кезеңде Түркістан АКСР-іне қараған Жетісу, Сырдария облысытарында да осыған ұқсас жер-су реформасы жүргізілді.<ref>"Қазақ Энциклопедиясы",4 том 3 бөлім</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Заңсыз тартып алынған жерлерді қазақ еңбекшілеріне қайтарып беру туралы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}