Зауролоф
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Зауролоф(Saurolophus) – үйректұмсық динозаврлар тұқымдасының ең ірі туысының бірі. Екі түрінің қаңқа сүйек қалдықтары Канада мен Моңғолия жерінен, бор кезеңінің шөгінділерінен табылған. Артқы аяқтарымен тұрғандағы биікт. 9 м-дей болған. Терісі қалқан тәріздес ұсақ, жалпақ мүйіздермен қапталған. Бас сүйегінің (ұзындығы 1 м-дей) тұмсық жағы ұзын, үйректің тұмсығына ұқсас жалпақ, ал маңдай және желкесі айдар тәріздес жоғары және артқа қарай созылып келген. Бұл айдар сүйегі ішінен танау қуысымен жалғасқан. Мойын омыртқасы – 12, арқа омыртқасының саны 20. Бірнеше қатар орналасқан 1000-ға тарта тістері болған. Жалпақ бүйір құйрығы суда жүзуге икемделген. Құрлықта Зауролоф артқы екі аяғымен жүрген. Ал кішкене алдыңғы аяқтарындағы башайларының арасы жарғақтармен біріккен. Зауролофтар су жағалауларында тіршілік еткен, үйректұмсықтары су өсімдіктерімен қоректенуге бейімделген.<ref>"Қазақ Энциклопедиясы",4 том 3 бөлім</ref>
{{#ifeq:|Үлгі
Дереккөздер
<references/>
{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}
Мақала бастамасы | {{{article}}}}} мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз.{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар| Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет.}} |
| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Зауролоф|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}