Заттардың құрылымы және диффузия

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Бізді қоршаған дүниенің барлығы атом деп аталатын кішкентай бөлшектен тұрады. Атомның кішкентайлығы сондай, оны жай қарапайым көзбен көру мүмкін емес. Мысалға сөйлемнің аяғындағы нүктеге 100 миллиард атом сыйған болар еді. Көз алдарыңа елестетіп көріңдерші, сендер құмның бір түйірін бірнешеге бөліп отырсыңдар. Бір түйір құмның құрамындағы атомның саны, теңіз жағалауындағы сансыз құм түйіршіктеріне тең болар еді. Табиғаттағы денеде атомдар жалғыз болмайды.Олар бірнеше атомдардан топтасып молекуланы күрайды. Молекуланы да жай көзбен көре алмайсыз. Атомдар мен молекулалар үдайы козғалыста болады. Егерде бөлмеге иісі шығып тұрған бір затты әкелсеңіз оның иісі тез арада бөлменің барлық жеріне тарайды. Ішінде суы бар ыдысқа бір тамшы сия құйып, араластырсаңыз, сия тез арада сумен араласып ыдыстағы суды лезде белгілі бір түске өзгертеді. Себебі сияның құрамындағы мо- лекулалар ұдайы козғалыста болатындықтан тез араласып кетеді.Тап осылай газдың құрамындағы молекулалар да шапшаң қозғалады, сондықтан да гүлден бөлініп шыққан хош иісті тез арада сезінеміз. Себебі оның молекуласы ауада ыдырайды: Сұйықтың ішіндегі және газдағы молекуланың таралуын диффузия деп атайды. Диффузия латын тілінде - таралу, ыдырау, жайылу деген мағынаны білдіреді. Газдың молекуласы, сұйықтағы молекулаға карағанда тез қозғалады. Сол себепті де иіс суға тамған сиядан гөрі тез таралады.

Дереккөздер

1.Жаратылыстану 5 сынып. Алматы: “Атамұра” баспасы 2010 ISBN 978-601-282-049-2