Зарипа Ізтілеуқызы Сүлейменова

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Зарипа Ізтілеуқызы Сүлейменова (3.3.1920, Атырау облысы Құрманғазы ауданы – 11.4. 1994, Арқалық қаласы) – актриса, әнші (сопрано). Бұрынғы Теңіз ауданындағы Ганюшкин балалар үйінде тәрбиеленген.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том</ref>

Жыл Оқиға
1937 – 41 ж. Теңіз колхоз-совхоз театрында қызмет атқарды
1942 – 73 ж. қазіргі Атырау облысы қазақ драма театрының құрамында музыкалық спектакльдерге қатысты
1963 ж. Қазақ КСР-інің халық артисі

Жетістіктер

Қазақ драма театрында музыкалық спектакльдерге қатысты. Мұндай рөлдері қатарында Қыз Жібек, Баян (Ғ.Мүсірепов, “Қыз Жібек” және “Қозы Көрпеш – Баян сұлу”), Қарагөз, Айман, Еңлік (М.Әуезов, “Қарагөз”, “Айман – Шолпан” мен “Еңлік – Кебек”), Шұға (Б.Майлиннің осы аттас спектаклі), т.б. бар. Драмалық спектакльдерден Сәуле (Ә.Әбішев, “Достық пен махаббат”), Қаламқас (Ғ.Сланов, “Махамбет”), Ажар (С.Жүнісов, “Ажар мен ажал”), Жер-ана (Ш.Айтматов, “Ана – Жер-ана”), Маржан (Ә.Тәжібаев, “Көңілдестер”), Софья (А.М. Горький, “Зыковтар”), леди Мильфорд (Ф.Шиллер, “Зұлымдық пен махаббат”), Катарина (У.Шекспир, “Асауға тұсау”) сияқты әр алуан мінез-кейіптерді жасап, сахналық бояу-өрнегінің молдығын байқатты. “Құрмет белгісі” орденімен марапатталған.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}