Заманауи өнер мұражайы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Заманауи өнер мұражайы (Museum of Modern Art, MOMA)- Нью-Йорктегі мұражай, 19 ғасырдың аяғынан қазірге дейінгі америка және еуропа өнерінің ең үлкен топтамасы. <ref> "Britannica настольная энциклопедия"ТомI,АСТ-Астрель, Москва, 2006,ISBN 978-5-17-038532-4(Т.1) (АСТ),ISBN 978-5-271-15120-0 (Т.1) (Астрель)</ref>.1929 жылы жеке топтамашылардың тобы негізін қалаған болатын.

53-ші көшедегі қазіргі ғимараты 1939 жылы ашылған; кейінгі жалғап салынған құрылыс пен мүсін бақшасы Ф.Джонсооның (1953) жобасымен жасалған болатын. Көрме кеңістігін екі есе ұлғайтқан мұнара мен батыс қанаты 1984 жылы аяқталған. Кубист, сюрреалист және абстрактілі экспрессионистердің топтамасы көп; басқа қорларда мүсін, графика, өндірістік дизайн, архитектура, фотосуреттер мен фильмдер бар.

Тұрақты экспозиция, көрме және көптеген басылымдардың арқасында мұражай қоғамдық талғамға және көркем өнімге күшті әсерін тигізеді.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}